GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 октября 2026
ТМРК: ЭКСЖ ұлттық жобасы ауқымды іске асыру кезеңіне өтті

2026 жылғы 14 қазанда Астанада энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялар тарту және отандық өндірушілердің қатысуын кеңейту мәселелеріне арналған «ЭКСЖ ұлттық жобасы және электр энергетикасы саласын дамыту. Қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» атты салалық форум өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, табиғи монополиялар субъектілерінің, мердігер ұйымдар мен отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын іске асырудың негізгі нәтижелерін таныстырып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді атап өтті.

Өз сөзінде Комитет басшысы Ұлттық жобаның қажетті тетіктерді қалыптастыру кезеңінен ауқымды практикалық іске асыру кезеңіне өткенін атап өтті. Нормативтік-құқықтық база қалыптастырылып, өтінім беруден бастап сатып алу рәсімдерін өткізуге дейінгі процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін ЭКСЖ электрондық платформасы іске қосылды.

«Алғашқы жылдың өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы 547 миллиард теңге инвестиция тартылып, 6 659 шақырым желі жаңартылды, 40 монополия субъектісі қаржыландыру алды, ал олардың сегізі тозу деңгейі 70%-дан асатын «қызыл аймақтан» шығарылды», – деп атап өтті Тимур Қосымбаев.

2026 жылы қаржыландыру көлемі 1,2 трлн теңге деңгейінде көзделген, ал жаңғыртылатын желілердің ұзындығы шамамен 12 мың шақырымды құрауы тиіс.

Баяндама барысында орындалатын жұмыстардың сапасы мен жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударылды. Комитет төрағасы техникалық қадағалауды күшейту және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Біз желілерді алдағы ондаған жылдарға арнап салып жатырмыз, сондықтан сапаға қойылатын талаптар төмендетілмейді. Мердігерлер жұмыстарды белгіленген кестеге қатаң сәйкес әрі тиісті сапада орындайды деп сенеміз. Монополия субъектілері әрбір нысанда міндетті түрде техникалық қадағалауды қамтамасыз етіп, жұмыстарды тек оның қорытындысы болған жағдайда ғана қабылдауы маңызды», – деді Комитет басшысы.

Форумның негізгі мәселелерінің бірі 2027 жылға арналған жобаларды дайындау болды. Келесі жылы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,8 трлн теңге қарастырылған. Жобалық құжаттаманы уақтылы дайындауға, қаржыландыруды қамтамасыз етуге және құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігер ұйымдармен шарттар жасасуға ерекше назар аударылатын болады.

Сондай-ақ Форумда Ұлттық жобаны іске асыруға қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды. Іс-шара аясында өндірістік кооперацияны дамытуға, өндірісті жергіліктендіруге және отандық өнімдерді ілгерілетуге бағытталған алты шарт пен келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар инженерлік желілерді жаңғырту кезінде сұранысқа ие құбыр өнімдерін, электротехникалық жабдықтар мен жинақтауыш бөлшектерді өндіруді қамтиды.

Комитет Ұлттық жобаның үйлестірушісі ретінде инфрақұрылымды уақтылы жаңғыртуды, инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетуді және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстардың орындалу барысына мониторинг жүргізуді, көшпелі тексерулер өткізуді және жобаға қатысушылармен өзара іс-қимылды жалғастырады.

09 октября 2026
ТМРК комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қызметтерінің бағасын көтеру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату қызметтері, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті орталықтандырылған сатып алу және жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар бөлігінде шекті бағалардан жоғары бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Тыңдаулар барысында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС өкілдері бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы хабарламаның негізгі параметрлерін ұсынды.

Жария тыңдауларға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсынылған материалдарды талқылауға және өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Комитет ұсынылған материалдарды мәлімделген шығындардың экономикалық негізділігін және заңнама талаптарын ескере отырып қарауды жалғастырады. Шешім жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып, заңнамада белгіленген мерзімдерде қабылданады.

07 октября 2026
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2027–2031 жылдарға арналған тариф жобалары жария тыңдауларда талқыланды

2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау және газ сақтау қызметтеріне 2027-2031 жылдарға арналған тарифтерді, тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды бекіту жөніндегі өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бұған дейінгі кезеңге бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Комитетке өтініммен жүгінді. Жария тыңдаулардың мақсаты – өтінімдерді қараудың ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар мен мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру, сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісі мүдделерінің теңгерімін сақтау.

Тыңдаулар барысында компания өкілдері тарифтік өтінімдердің негізгі параметрлері мен инвестициялық бағдарламалардың жобаларын таныстырды.

Көзделген іс-шаралар магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, газ тасымалдау жүйесі объектілерін салуға және реконструкциялауға, газ тасымалдау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ жерасты газ сақтау қоймаларының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Жария тыңдауларға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қаралып жатқан өтінімдер бойынша өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Комитет ұсынылған материалдарды мәлімделген шығыстардың экономикалық негізділігі мен заңнама талаптарын ескере отырып қарауды жалғастырады. Шешім заңнамада белгіленген мерзімдерде жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып қабылданады.

06 октября 2026
Комитетте тарифтік реттеудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті кезекті ай сайынғы қоғамдық қабылдауды онлайн форматта өткізді.

Кездесу барысында Комитеттің салалық басқармаларының өкілдері электр және жылу энергетикасы, газбен жабдықтау және теміржол көлігі салаларындағы ағымдағы жұмыстар туралы айтып, тарифтер мен бағаларды қалыптастыру, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берді.

Жылумен жабдықтау саласында алдағы жылыту маусымына дайындық, тозған инфрақұрылымды жаңғырту және табиғи монополия субъектілерінің шығындарының негізділігін бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы немесе бекітілген іс-шаралардың орындалмауы анықталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар, оның ішінде уақытша өтемдік тариф тетігі қолданылады.

Электр энергетикасы саласында қатысушыларға электр энергиясының түпкілікті бағасын қалыптастыру тәртібі түсіндірілді. Бағаларды өзгерту мәселелері халықтың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен ашық түрде қаралатыны атап өтілді. Комитет электр энергиясы бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ тауарлық газға баға белгілеу мәселелері қаралды. Комитет өкілдері бөлшек бағаның көтерме бағадан, тасымалдау тарифінен және газды өткізуге байланысты шығыстардан қалыптасатынын түсіндірді. Бағаның барлық құрамдас бөліктері мемлекет тарапынан реттеледі, сонымен қатар тұтынушылардың әлеуметтік осал санаттары үшін жекелеген қолдау шаралары көзделген.

Теміржол саласы бойынша қатысушыларға қабылданған тарифтік шешімдер, қаралып жатқан нарық субъектілерінің өтінімдері, сондай-ақ магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тарифтік әдіснаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

Қоғамдық қабылдауларды өткізу тарифтік реттеудің ашықтығын арттыруға, қабылданатын шешімдерді түсіндіруге және тұтынушылармен тікелей кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.

05 октября 2026
Локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағалар жария тыңдауларда талқыланды

2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-нің жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағаларды алдағы уақытта арттыру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Тыңдаулар барысында компания өкілдері шекті бағаларды қайта қарау жөніндегі ұсыныстың негіздемесін таныстырды. Мәлімделген өсім деңгейі 50%-ды құрайды.

«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес, бағаларды қайта қарау қажеттілігі электр энергиясы, дизель отыны, локомотив бригадаларының қызметтері, локомотивтерді жөндеу және сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ басқа да пайдалану шығындары құнының өсуіне байланысты. Бұл ретте локомотивтік тартқыш қызметтеріне қолданыстағы баға деңгейі 2018 жылдан бері қайта қаралмаған.

Жария тыңдауларға қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Ұсынылған өтінімді Комитет заңнама талаптарына сәйкес мәлімделген шығыстардың экономикалық негізділігі тұрғысынан қарайтын болады. Шешім қабылдау кезінде субъект пен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысушылар білдірген пікірлер ескерілетін болады.

29 сентября 2026
Жетісу облысында 38,7 млн теңгеден астам негізсіз кіріс анықталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылға арналған тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді қарау қорытындысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне талдау жүргізді.

Талдау шеңберінде 29 табиғи монополия субъектісі ұсынған 68 есеп қаралды.

2025 жылға арналған тарифтік сметалардың орындалуын талдау нәтижесінде 3 табиғи монополия субъектісінде бекітілген тарифтік сметаларда көзделген жекелеген шығын баптарының орындалмағаны анықталды. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жол берілген бұзушылықтарға байланысты аталған 3 субъектінің қызметтеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып есептелген, 45,3 млн теңгеден астам негізсіз кіріс сомасына уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.

Уақытша өтемдік тарифтер әртүрлі кезеңдерге бекітіліп, оларды қолданысқа енгізу мерзімі 2026 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін белгіленді.

Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері бойынша негізсіз кіріс:

  • жылумен жабдықтау - 563 270 теңге;
  • кірме жолдарды ұсыну - 361 800 теңге;
  • электр энергиясын беру - 37 835 120 теңге.

Осылайша, көрсетілген қызмет түрлері бойынша жалпы сома 38 760 190 теңгені, яғни 38,7 млн теңгеден астам соманы құрады. Бұл ретте қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып есептелген уақытша өтемдік тарифтердің мөлшері 45,3 млн теңгеден астам болды.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Заңның 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасында көзделген міндеттердің орындалмауына байланысты 3 табиғи монополия субъектісіне қатысты Кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Істерді қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 247 180 теңге әкімшілік айыппұл салынды және ол толық көлемде өндірілді.

Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік реттеу саласындағы заңнама талаптарын сақтауын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

25 сентября 2026
«КТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС өтінімдері бойынша жария тыңдау өтеді

2026 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті өтінімді қарау шеңберінде жария тыңдау өткізілетіні туралы және «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС инвестициялық бағдарламасының жобасы жолаушылар қозғалысында локомотив тарту қызметтерінің бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарлайды.

Жария тыңдау Қонаев көшесі, 10, 11-қабат, коференц залы мекенжайда өтеді.
Бұдан басқа, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы арқылы көрсетілетін болады (конференция идентификаторы: 996 7932 5381; қол жеткізу коды: 047406, https://zoom.us/j/99679325381?pwd=1QBwfOl44VYdEFfPYA6ua0wH8hvk1m.1)

Тыңдауға ҚР мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС өтінімі ашық қолжетімділікте www.monopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-25-13, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 61-19-05, https://railways.kz/ru/.

24 сентября 2026
Астана қаласында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС өтініші бойынша жария тыңдау өтеді

2026 жылғы 9 қазанда сағ.11:00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша және электрлік қуаттың дайындық күйін қамтамасыз ету және жүктемені көтеруге дайындықты орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59, «KEGOC» АҚ ғимараты, 1 қабат мекенжайында өтеді.

Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/share/1UEcVTyYfQ/?mibextid=wwXIfr.).

Тыңдауға ҚР Құрылтай, мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС хабарламасы ашық қолжетімділікте https://monopolist.kz/ сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы:

тел. +7 (7172) 74-22-96, www.gov.kz/memleket/entities/krem,

тел. +7 (777) 533-49-05 www.rfc.kz.

17 сентября 2026
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеге қайта есептеу жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады.

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеді.

Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.

Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:

  • Астана қаласы - 460,67 млн теңге;
  • Алматы қаласы - 57,77 млн теңге;
  • Шымкент қаласы - 38,50 млн теңге;
  • Абай облысы - 0,27 млн теңге;
  • Алматы облысы - 12,70 млн теңге;
  • Ақмола облысы - 13,98 млн теңге;
  • Атырау облысы - 22,09 млн теңге;
  • Ақтөбе облысы - 11,03 млн теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,56 млн теңге;
  • Жамбыл облысы - 26,06 млн теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы - 1,82 млн теңге;
  • Қостанай облысы - 25,69 млн теңге;
  • Қызылорда облысы - 42,21 млн теңге;
  • Маңғыстау облысы - 161,60 млн теңге;
  • Павлодар облысы - 29,11 млн теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14,59 млн теңге;
  • Түркістан облысы - 0,37 млн теңге.

Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.

Сонымен қатар, Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды.

Салыстыру үшін, 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.

Қосымша сұрақтар бойынша тұрғындар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласа алады:

- Астана қаласы (7172) 57-50-28;

- Алматы қаласы (727) 279-31-39;

- Шымкент қаласы (7252) 32-15-07;

- Абай облысы (7222) 52-17-91;

- Ақмола облысы (7162) 50-43-63;

- Алматы облысы (7273) 70-05-04;

- Атырау облысы (7122) 21-10-38;

- Ақтөбе облысы (7132) 55-73-38;

- Шығыс Қазақстан облысы (7232) 61-28-88;

- Жамбыл облысы (7262) 45-94-68;

- Батыс Қазақстан облысы (7112) 31-36-42;

- Қарағанды облысы (7212) 21-57-10;

- Қостанай облысы (7142) 54-28-76;

- Қызылорда облысы (7242) 26-22-93;

- Маңғыстау облысы (7292) 42-16-20;

- Павлодар облысы (7182) 32-12-02;

- Солтүстік Қазақстан облысы (7152) 53-42-55;

- Түркістан облысы (7253) 35-83-66;

- Ұлытау облысы (7102) 76-07-24;

- Жетісу облысы (7282) 24-28-05.

16 сентября 2026
ТМРК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың алдын ала нәтижелерін ұсынады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде.

Талдау Комитеттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін, сондай-ақ әзірлеушісі Комитет болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

2026 жылғы 17-24 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың алдын ала нәтижелері бойынша жария талқылау өтеді.

Азаматтар мен мүдделі тұлғалар аталған бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі ұсыныстарын 8 (7172) 74-26-74 телефоны арқылы немесе a.zholdybaeva@economy.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы