Тағы бір кезекті қоғамдық қабылдау онлайн өтті

Тағы бір кезекті қоғамдық қабылдау онлайн өтті

Бүгінгі қоғамдық қабылдау 1 қыркүйекке келіп түсті, бұл осы іс-шараға ерекше мән берді, өйткені бұл күн Білім күнін білдіреді және осы күні Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының халқына жыл сайынғы Жолдауымен сөз сөйледі, онда ел халқының әл-ауқатын қорғау мен дамытудың маңызды бағыттары белгіленді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті ай сайынғы негізде жүргізетін қоғамдық қабылдау да азаматтардың ТКШ саласындағы өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Бұл жолы елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қабылдау кезекті рет онлайн режимде өтті.

Әдеттегідей, қоғамдық қабылдаулар Комитеттің орталық аппаратында ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінде аумақтық департаменттер басшыларының басшылығымен өтті.

Азаматтардың сұрақтарына орталық аппарат өкілдері және Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшылары нақты уақыт режимінде жауап берді.

Трансляция комитеттің және аумақтық департаменттердің Facebook-тегі ресми парақшалары арқылы өтті, онда әркім коммуналдық салаға қатысты сұрақ қоя алды.

Азаматтар Нұр-сұлтан қаласындағы газдың шекті бағасына, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу, электр энергиясын беру жөніндегі ақаулы электрондық аспапқа байланысты, сондай-ақ электр энергиясының тарифтеріне қатысты және өзге де проблемалық мәселелерді қозғады.

Барлық қойылған сұрақтарға Комитеттің мамандары тиісті түсініктемелер берді.

Осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде – әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізілетінін тағы да еске салғымыз келеді.

Барлық тұтынушыларды белсенді қатысуға шақырамыз.