Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн өтті

Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн өтті

Бүгін, әдеттегідей - айдың бірінші сейсенбісінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы өтті.

Елдегі карантиндік шаралардың ұзартылуына және елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты кезекті қабылдау онлайн режимде өтті.

Қоғамдық қабылдаулар Комитеттің орталық аппаратында ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде аумақтық департаменттер басшыларының басшылығымен өтті.

Аумақтық департаменттердің басшылары тұтынушылардың өзекті мәселелерін нақты уақыт режимінде тыңдап жауап берді.

Трансляциялау Комитеттің және аумақтық департаменттердің Facebook-тегі ресми парақшалары арқылы өткізілді, онда әркім өз тұратын өңіріне байланысты қосыла алды.

Комитеттің атына тұтынушылар тарапынан сұрақтар түскен жоқ, алайда аумақтық департаменттердің атына азаматтар ТКШ-ның түрлі салаларына қатысты сұрақтармен жүгінді, оларға тікелей эфирде жауаптар алды.

Осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде – әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізілетінін тағы да еске салғымыз келеді.

Барлық тұтынушыларды белсенді қатысуға шақырамыз.