ТМРК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталуға жақын

ТМРК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталуға жақын

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2024 жылғы 2-30 қыркүйек аралығында ұйымдастыру-басқару қызметіндегі, сондай-ақ әзірлеушісі Комитет болып табылатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Бұл ретте, 2024 жылғы 17-24 қыркүйек аралығында Комитет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізеді.

Көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар болған жағдайда, сіз 8 (7172) 74-26-74 телефоны бойынша хабарласуға немесе ұсыныстарды электрондық мекенжайға жіберуге болады: a.zholdybaeva@economy.gov.kz.