ТМРК қоғамдық қабылдауды онлайн режимінде өткізді

ТМРК қоғамдық қабылдауды онлайн режимінде өткізді

Бүгін, 2024 жылғы 3 қыркүйекте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетімен коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді.

Осындай қабылдауларды ведомствоның аумақтық департаменттері өткізді.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн режимінде трансляцияланды, онда әрқайсысы қосылып, қойылған сұраққа жедел жауап ала алды.

Қоғамдық қабылдау ведомствоның төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері электр энергиясы мен тауарлық газдың бөлшек сауда бағалары нарығындағы жағдай туралы, сондай-ақ уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдер туралы хабарлады.

Сонымен қатар, жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару мәселелері түсіндірілді. Қайта есептеуді табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157,39 мың теңгеге жүргізді.

Онлайн режимде 3 сұрақ келіп түсті, оларға тиісті жауаптар берілді.