
Бүгін, 2024 жылғы 2 шілдеде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетімен коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді.
Осындай қабылдауларды ведомствоның аумақтық департаменттері өткізді.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн режимінде трансляцияланды, онда әрқайсысы қосылып, қойылған сұраққа жедел жауап ала алды.
Қоғамдық қабылдау ведомствоның төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері электр энергиясы мен тауарлық газдың бөлшек сауда бағалары нарығындағы жағдай туралы, сондай-ақ уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдер туралы хабарлады.
Әрбір тұтынушы коммуналдық салаға қатысты сұрақтарға тікелей эфирде жауап ала алды.