ТМРК кезекті қоғамдық қабылдауды өткізді

ТМРК кезекті қоғамдық қабылдауды өткізді

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппаратының бүкіл басшылық құрамы кезекті рет онлайн режимінде ТКШ саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.

         Елорда мен елдегі эпидемиологиялық жағдай қиын, сондықтан Комитет тағы да онлайн режимде азаматтарды қабылдады.

         Бұл күні Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері ғана емес, барлық 17 аумақтық департаменттер өз аймағы бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

         Қоғамдық қабылдаулар Комитеттің және аумақтық департаменттердің Facebook-ғы ресми парақшалары арқылы жүргізілді, оған әрбір азамат қосылып, оны толғандыратын сұрақты комментарий ретінде қалдыра алатын, және сол сұраққа тиісті жауапты ала алатын.

           Азаматтардың проблемаларын тек Комитеттің орталық аппаратының өкілдері ғана емес, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай мен газды тасымалдау, сондай-ақ темір жол көлігі салаларында қызмет ететін табиғи монополиялар субъектілері де тыңдады.

         Барлық өңірлерден азаматтар тікелей эфирде жедел жауапты және коммуналдық саласындағы проблемалары бойынша шешімдер алу мүмкіндікі болды.

         Осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде, атап айтқанда әр айдың әрбір бірінші сейсенбісінде өткізілетінін тағы да еске салғымыөз келеді.

         Әр азаматты тыңдап алуға қуаныштымыз.