
Бүгін, 2024 жылғы 14 мамырда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Осындай қабылдауларды ведомствоның аумақтық департаменттері өткізді.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн режимінде трансляцияланды, онда әрқайсысы қосылып, қойылған сұраққа жедел жауап ала алды.
Қоғамдық қабылдау ведомствоның төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері электр энергиясы нарығындағы ахуалы туралы, оның ішінде реттелмейтін ЭЖҰ қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлады, бұл ШОБ-ның қызметіне оң әсер етеді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында ТМРК өкілдері тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын қалыптастыру мәселелеріне, сондай-ақ уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдерге жеке тоқталды.
Әрбір тұтынушы коммуналдық салаға қатысты сұрақтарға тікелей эфирде жауап ала алды.