Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев азаматтарды қабылдады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды және астанадағы карантин режимін ескере отырып, ТМРК Төрағасы азаматтардың проблемаларын тікелей эфирде тыңдады.
Тікелей эфирге тек Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылары ғана емес, Қостанай қаласының, Алматы облысының Талдықорған қаласының тұтынушылары да қосылды, мұнда әрқайсысы тарифтік реттеушінің басшысына толғандыратын сұрақтарды тікелей қоя алды.
Ал азаматтардың сұрақтары жылу және ыстық сумен жабдықтау үшін қайта есептеуге, табиғи монополия субъектілерінің өз қызметтері үшін төлем алуына, газдды тарататын ұйымдардың қызметі үшін төлем алуына және басқа да проблемалық мәселелерге қатысты болды.
Мысалы, Қостанай қаласының тұрғыны Б.Ш. Сулекешов электр энергия тарифінің өсу себебі мәселесімен, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен ұйымдар өздерінің қызметтері үшін заңсыз төлем алатынына шағымданды.
Осы өтініш бойынша Асан Дарбаев тарифтің өсуінің себептері туралы түсініктеме беріп, басқа коммуналдық қызметтер бойынша түсіндірді және егжей-тегжейлі өңдеу талап етілетін мәселелерді жеке бақылауға алды.
Астаналық тұтынушы А.Н. Онищенко жылу және ыстық сумен жабдықтау үшін қайта есептеу жөнінде Комитеттің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментіне бірнеше рет жүгінгенін айтты.
Осы мәселе бойынша ведомство басшысы Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Қалғандарына айтылған мәселелер бойынша, сондай-ақ түсініктемелер мен шешу жолдары берілді.