Бүгін, 2020 жылғы 15 маусымда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Н. Н. Шманов атындағы МАС-ке «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімі бойынша жария тыңдау өтті.
Елордадағы карантиндік режимді және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдау қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, қатысушылардың шектеулі санымен, сондай-ақ бейнеконференция байланыс арқылы онлайн режимінде де өткізілді.
Жария тыңдауда уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жария тыңдау ТМРК төрағасы орынбасарының құттықтау сөзінен басталды, ол барлық қатысушыларға әдеттегі режимде де, онлайн режимінде де тыңдауларға қатысқандары үшін алғыс білдірді және субъектінің тарифтік сметасының жобасын белсенді талқылауға сұрады.
Жария тыңдауда табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, Н. Н. Шманов атындағы МАС-ке «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен бекітуге өтінім қаралды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның атынан Тариф белгілеу департаментінің директоры Дана Ермекова баяндама жасады, өз баяндамада Н. Н. Шманов атындағы МАС-ке «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігі туралы айтты.
Жария тыңдаудың қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ-ның және Комитет өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойды.
Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.
Комитет шешімді қатысушылар тарапынан тыңдауда айтылған пікірлерді ескере отырып қабылдайды, және ол туралы заңнамада белгіленген мерзімде қосымша хабарланатын болады.