Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппаратының басшы құрамы ТКШ саласындағы проблеалық мәселелер бойынша тұтынуылардың қабылдауын онлайн режимде өткізді.
Елордадағы карантиндік режимді ескере отырып, Комитет басқа мемлекеттік органдармен қатар, халық арасында коронавирустық індет таралмау мақсатында азаматтардың қабылдауын онлайн режимде өткізді.
Қабылдау Комитеттің Facebook-ғы ресми парақшасы арқылы жүргізілді, оған әрбір азамат қосылып, оны толғандыратын сұрақты комментарий ретінде қалдыра алатын, және сол сұраққа тиісті жауапты ала алатын.
Азаматтардың проблемаларын тек Комитеттің орталық аппаратының өкілдері ғана емес, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай мен газды тасымалдау, сондай-ақ темір жол көлігі салаларында қызмет ететін табиғи монополиялар субъектілері де тыңдады.
Азаматтардың сұрақтары бизнеске арналған коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бөлігінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қандай шаралар қабылданатыны, сондай-ақ газдың жоқтығынан өңірлер бөлінісінде электр энергиясының әртүрлі тарифтеріне қатысты болды және т.б.
Азаматтар тікелей эфирде жедел жауапты және коммуналдық саласындағы проблемалары бойынша шешімдер ала алды.
Сондай-ақ, осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде, атап айтқанда әр айдың әрбір бірінші сейсенбісінде өткізілетінін тағы да хабарлағымыз келеді.
Барлық тұтынушыларды оларға белсенді қатысуға шақырамыз.