
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері дәстүрлі түрде әр айдың бірінші сейсенбісінде коммуналдық қызметтердің тариф белгілеу бөлігінде, ашықтықты және халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында, еліміздің азаматтары үшін қоғамдық қабылдаулар өткізеді.
Бүгін, 2023 жылғы 3 қазанда еліміздің барлық өңірлерінде кезекті қоғамдық қабылдаулар өткізілді, онда әрқайсысы онлайн режимде Facebook-тегі тікелей трансляцияға қосыла отырып, реттелетін коммуналдық қызметтерге (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау) тариф белгілеу мәселелері бойынша қажетті ақпарат пен жауаптар ала алды.
Тұтынушылардың сұрақтарына ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев және салалық басқармалардың басшылары жауап берді, ал өңірлерде тұтынушылармен байланыста ТМРКД-ның басшылары мен ТМС өкілдері болды.
ТМРК мамандары реттелетін коммуналдық қызметтерге бекітілген тарифтер бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ тұтынушылардың «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясатын іске асыруға қатысты келіп түскен сұрақтарына жауап берді.