ТМРК Өскемен қ. тұрғындарының өтініштерінің басын ашты

ТМРК Өскемен қ. тұрғындарының өтініштерінің басын ашты

Ағымдағы жылдың 12 және 13 мамырында бірқатар БАҚ-тарда Өскемен қаласының тұрғындарына энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясы үшін артық шоттар туралы ақпарат таратылды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті өз кезегінде осы жағдайды зерделеу үшін өңірлік департаменттен толық ақпарат алды.

Іс жүзінде мәселе Өскемен қаласының Есенберлин көшесі, 6 үйінің тұрғындарында қалыптасты.

Осы үй тұрғындарының хаттамалық шешімі бойынша жалпы үйлік мұқтаждықтарға электр энергиясын нақты тұтыну әрбір пәтер бойынша электр энергиясының шотына енгізіледі. Соңғы есептік кезеңдерде электр энергиясы көлемінің артуы тек жалпы үйлік мұқтаждықтарға (ПИК) анықталған. Нақты анықталғандай, ПИК энергиямен жабдықтау келісім шартынсыз Электр энергиясын пайдалану ережелерін бұза отырып, электр энергиясын тұтыну жалпы үй мұқтажына жатқан дүкенді осы үйде қосуға рұқсат берді.

ШҚО бойынша ТМРКД-ның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта энергетиктер электр энергиясын тұтыну ережесін бұзғаны үшін Акт жасады, оның негізінде барлық тұтынушыларға қайта есептеу жасалады.

Сонымен қатар, тұтынушылар түрлі тарифтерге назар аударды, бұл өңір тұрғындарының әлеуметтік деңгейін қолдау үшін, ШҚО-ның энергиямен жабдықтаушы ұйымы Шығысэнерготрейд республикадағы төтенше жағдайға байланысты әрекет ету кезеңінде 1 топтағы тұрмыстық тұтынушылар үшін өз бетінше тарифті 2% - ға төмендетті.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тариф белгілеуді реттеуші ретінде осы мәселені объективті қарау мақсатында, Өскемен қаласының тұрғындарынан Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне электр энергиясы үшін төлем есептеу туралы түбіртекті ұсына оытырып, хабарласуды сұрайды, онда барлық мәселелер ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп қаралады.

Сондай-ақ, басқа аумақтардағы осындай жағдайларда, азаматтарды Комитеттің аумақтық департаменттеріне растаушы материалдарды ұсына отырып, хабарласуларын сұраймыз, онда міндетті түрде табиғи монополиялар саласындағы заңнама нормаларының сақталуы тұрғысынан қаралатын болады.