Тамыз айында ҚР ҰЭМ бүкіл ел бойынша 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорынды тексерді

Тамыз айында ҚР ҰЭМ бүкіл ел бойынша 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорынды тексерді

Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды:

1) Алматы қ.​ –​ «Алматы жылу жүйесі» ЖШС;

2) Ақмола обл.​ – «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК;

3) Шымкент қ.-«Қуатжылуорталық-З» МКК;

4) Ақтөбе обл.​ –​ «Энергосистема» ЖШС;

5) Жетісу​ обл.​ – «Талдықорғанжылусервис» КМК;

6) Павлодар обл.​ – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ;

7) ШҚО​ –​ «Востокэнерго» ЖШС;

8) Абай обл.​ – «Теплокоммунэнерго» МКК, «Энерго-Инвест» ЖШС;

9) Түркістан обл.​ – «Кентау Сервис» МКК.

Жалпы, субъектілердің​ бекітілген инвестициялық бағдарламала шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде тексеруді жалғастырады.