ТМРК-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС хабарламасы бойынша жария тыңдау өтnі

ТМРК-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС хабарламасы бойынша жария тыңдау өтnі

Бүгін, 2023 жылғы 4 қыркүйек күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің темір жол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартым қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні жөніндегі хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізді.

Аталған хабарлама ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылды.

Жария тыңдау ТМРК Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы  Азамат Абиевтің төрағалығымен тұтынушылар мен субъект арасындағы тепе-теңдікті сақтау, тауарлараға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу барысының жариялылығын, ақпараттылығын, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Жария тыңдауға мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП, ассоциациялар өкілдері және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалардың қатысуымен өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атынан Бас директордың экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Шолпан Сапарғалиқызы Омарбекова спикер болып сөз сөйледі.

Жария тыңдау барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк бағытындағы локомотивтік тартым қызметінің бағасы жобасына сұрақтар қойылып, пікірлер мен ескертулер жария етілді, өз кезегінде олар субъекттің хабарламасын қарау бойынша түпкілікті шешім қабылдау және тиянақты талдау жүргізу кезінде ескерілетін болады.