Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің 2019 жыл үшін есептердің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды

Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар  нарықтар субъектілерінің 2019 жыл үшін есептердің жекелеген  түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды

Табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, табиғи монополиялар субъектілері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға, соның ішінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелеріне бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ, заңнамада көзделген басқа да есептерді ұсынуға міндетті.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ұсыну міндеті бекітілген.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізумен байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитетімен «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің есептер мен ақпараттың жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы» бұйрығы шығарылды.

Бұйрыққа сәйкес 2020 жылдың 1 мамыр жағдайына ұсынылуға тиіс 2019 жыл үшін ақпарат пен есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды.

Бұйрықпен Комитеттің сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/30163?lang=kk