Ақмола облысының табиғи монополиялар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне ұсынымдар берілді

Ақмола облысының табиғи монополиялар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне ұсынымдар берілді

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келiсiмi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi («Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 3-тармағы).

Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне, сондай – ақ қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне тұтынушыларға төлем құжаттарын (шот, түбіртек, хабарламалар, шот-ескерту) уақтылы ұсынуды ұсынады, олардың негізінде тұтынушылар қызметтерге ақы төлейді. Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілеріне, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне терминалдар бағдарламаларына оларды төлеу үшін тұтынылған Қызметтердің көлемі, саны, кезеңі туралы толық мәліметтерді енгізу ұсынылады.

Источник: https://kokshetau.asia/socialnews-mobile/54757-a-mola-oblysyny-tabi-i-monopoliyalar-men-o-amdy-ma-yzy-bar-nary-tar-sub-ektilerine-synymdar-berildi