ТМРК кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін, 2023 жылғы 1 тамызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері онлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдаулар өткізді, оған коммуналдық қызметтердің тұтынушылары шақырылды.

Қоғамдық қабылдаулар уәкілетті органның Facebook-тегі ресми парақшаларында трансляцияланды, онда әркім өз сұрағын түсініктеме түрінде қоя алды.

ТМРК-да өткен қоғамдық қабылдау төраға орынбасары Тимур Қосымбаевтың төрағалығымен өтті.

ТМРК қызметкерлері реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді түзету, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақыны арттыру, ТКШ инфрақұрылымының тозуын азайту бөлігінде, жаңа тарифтік саясатты іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Комитет пен оның аумақтық департаменттері жүргізген тексерулер шеңберінде НҚА-ға және заңға тәуелді актілерге соңғы өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ монополист субъектілерге қатысты әкімшілік істер мен жазалар туралы ақпарат айтылды.