Елдің өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Елдің өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін онлайн форматта қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Қоғамдық қабылдаулар уәкілетті органның Facebook-тегі ресми парақшаларында трансляцияланды.

ТМРК-да өткен қоғамдық қабылдау төраға орынбасары Нұрлан Булатбаевтың төрағалығымен өтті.

Азаматтарды қабылдау барысында ведомство мамандары а.ж. 1 шілдесінен бастап Энергетика министрлігінің тауарлық газға жаңа көтерме бағаларды бекітуіне байланысты, тауарлық газдың жаңа бөлшек сауда бағасы қолданыла бастағанын хабарлады.

Сондай-ақ, жаңа тарифтік саясатты іске асыру туралы ақпарат айтылды және осы саясат қандай мақсаттарға бағытталған (ТКШ саласындағы тозуды азайту, коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру және т.б.).

Жылу энергетикасы саласындағы мамандар бүгінгі күні барлық өңірлер бөлінісінде өткен 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтердің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Соңында Әдіснама басқармасының басшысы маусым айында нормативтік қызмет бөлігінде атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндады.