ТМРК-да «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

ТМРК-да «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның (ҚТГА) тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің өңірлер бөлінісінде шекті бағасының алдағы уақытта өсетіні туралы хабарламасын қарау бойынша жария тыңдау өтті.

Өңірлер бойынша тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының өзгеруі тауарлық газды өткізу жөніндегі үстемеақы деңгейін өсіру қажеттілігімен, оның ішінде ҚТГА-ның өндірістік қызметкерлерінің жалақы деңгейін ұлғайтумен, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің құнымен және т.б. байланысты.

Жария тыңдау ТМРК Төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаевтың төрағалығымен өтті және ол тыңдаудың қатысушыларын өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ ҚТГА-ның жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулерін белсенді жария етуді сұрады.

 «Жария тыңдауды өткізудің мақсаты ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды, Қоғамның тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады » - деп атап өтті Тимур Қосымбаев.

Жария тыңдауға ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаттары, ҚТГА-ның басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар тұтынушылар қатысты.

ҚТГА атынан Тариф қалыптастыру және инвестициялық саясат департаментінің директоры Айнұр Отарова тауарлық газды өткізу бойынша үстемеақы деңгейінің өзгеру себептерін түсіндіру мақсатында баяндамамен сөз сөйледі.

Жария тыңдау офлайн режимінде өтті және бір уақытта ТМРК-ның Facebook-тегі ресми парақшасы және ZOOM платформасы арқылы көрсетілді, онда әрбір адам нақты уақыт режимінде өзін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Қорытындылай келе, ТМРК Төрағасының орынбасары талқылауға ұсынылған тек жоба ғана, және түпкілікті шешім ҚТГА-ның хабарламасын тиянақты қарау қорытындылары бойынша қабылданатындығын барлығының назарына салды.

ТМРК елдегі тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтіндігін еске сала кету қажет.