
Бұған дейін Қарасай ауданының әкімі орынбасарының тауарлық газды тасымалдау және газды өткізу үшін бөлшек сауда бағаларын қалыптастыру қызметтеріне қойылатын тарифтердің негізділігіне қатысты өтініші негізінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында «Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның қызметіне табиғи монополиялар туралы заңнаманы және ҚР Кәсіпкерлік кодексін сақтау бөлігінде жоспардан тыс тексеру жүргізгені белгілі.
Алматы облысы бойынша ТМРКД жүргізген тексеру нәтижелері бойынша, «Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның бекітілген тарифтер мен бағаларды қолданбау бөлігінде, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 124-8-бабының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді сақтамау фактілері анықталды.
Осылайша, аталған нормаларды бұза отырып, «Сигма-ГАЗ» ЖШС уәкілетті органмен келісілген 1 м3 үшін 28,95 ҚҚС-мен теңге мөлшерінде тарифтің орнына 1 м3 үшін 33,25 теңге ҚҚС-мен тарифі бойынша газбен жабдықтау қызметін көрсеткен, негізсіз алынған табыс сомасы 9 466 439,27 теңгені құрады.
Бұл ретте, Кәсіпкерлік Кодекстің 124-8-бабының 6) тармақшасына сәйкес, «Сигма-ГАЗ» ЖШС шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.
Осылайша, Алматы облысы бойынша ТМРКД ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164 және 166-баптарының 5-бөліктеріне сәйкес, «Сигма-ГАЗ» ЖШС-на қатысты ҚҚС-пен 946 646 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен 2 әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган мен монополист арасында сот талқылаулары жүріп жатыр.