Елдің барлық өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Елдің барлық өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Бүгін, а.ж. 2 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері Facebook-тегі ресми парақшаларда трансляциялау арқылы коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдауларды онлайн режимде өткізді.

ТМРК-ның өзінде қоғамдық қабылдау төрағаның орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және ведомство мамандарының қатысуымен өтті.

Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері «Электр энергетикасы туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты, заңға тәуелді құқықтық актілерге қабылданатын түзетулер туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа тарифтік саясатты іске асыруға бағытталған атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Бұдан басқа, ТЖ қызметтеріне тарифтердегі соңғы өзгерістер, су, жылу, электрмен жабдықтау салаларда ТМС-нан келіп түскен өтінімдері туралы мәліметтер айтылды және т. б.