Қазақстанда ТКШ тарифтері төмендетілді

Қазақстанда ТКШ тарифтері төмендетілді

Құрметті отандастар! Біз үшін сондай қиын уақытта, төтенше жағдай кезінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті халық үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті.

Бұдан бұрын, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев а.ж. 23 наурызда карантин мен төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мөлшерін барабар төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын.

Осылайша, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап,  карантин мен төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер тарифтері төмендетілді, бұл салалар бойынша  орташа алғанда 7% -ды құрайды, соның ішінде мына қызметтер бойынша:

- сумен жабдықтау 7,6%-ға төмендеу;

- су бұру 8,2%-ға төмендеу;

- жылумен жабдықтау 6,8%-ға төмендеу;

- электрмен жабдықтау 4%-ға төмендеу.

 

Ел бойынша халық тек бір айда коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде 950 млн. теңгеге жуық үнемдейді, оның ішінде келесі қызметтер бойынша:

- сумен жабдықтау - 145,5 млн.теңге;

- су бұру - 82,4 млн.теңге;

- жылумен жабдықтау - 328,7 млн.теңге;

 - электрмен жабдықтау - 398,5 млн.теңге.

 

Сіздердің назарларыңызға коммуналдық қызметтердің төмендеуі бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынамыз.

Сумен жабдықтау

- Ақмола облысы: «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ы 9,99%-ға дейін;

- Ақтөбе облысы: «Ақбұлақ» АҚ-ы 19,99%-ға дейін;

-Алматы облысы: «Жетісу су құбыры» МКК-ы 8,01%-ға дейін;

- Атырау облысы: «Атырау Облысы Су Арнасы» МКК-ы 10,0%-ға дейін;

- Шығыс Қазақстан облысы: Семей қ. – «Семей Водоканал» МКК-ы 11,2%-ға дейін (1 мамырдан бастап), Өскемен қ. «Жаңа Согра» ШЖҚ МКК
10,0%
-ға дейін; Риддер қ. – «Водоканал» ШЖҚ МКК-ы 3,0%-ға дейін; Алтай қ. – «Жылу-су орталығы» МКК-ы 2,0%-ға;;

-  Жамбыл облысы: 4,96%-ға дейін («Жанатас-Су-Жылу» МКК-ы 5,00%-ға дейін, «Игилик» МКК-ы 5,00%-ға дейін, ТОО «Темиржолсу-Шу» 4,77%-ға дейін, «Кордай су» МКК-ы 5,01%-ға дейін);

- Батыс Қазақстан облысы: «Батыс су арнасы» ЖШС-ы 3,0%-ға дейін;

- Қостанай облысы: «Қостанай Су» МКК-ы 9,99%-ға дейін;

- Қызылорда облысы: «Қызылорда су жүйесі» МКК-ы 10,54%-ға дейін;

- Маңғыстау облысы: «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС-ы5,85%-ға дейін;

- Павлодар облысы: «Ақсу су Арнасы» МКК-ы 3,38%-ға дейін;

- Солтүстік Қазақстан облысы: «Қызылжар су» ЖШС-ы 10,0%-ға дейін;

- Түркістан облысы: «Түркістан су» МКК-ы 5,68%-ға дейін;

- Алматы қ.: «Алматы Су» МКК-ы 10,00%-ға дейін;

- Шымкент қ.: «Су ресрустары Маркетинг» ЖШС-ы 5,01%-ға дейін.

Су бұру

- Ақмола облысы: «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ы 10,01%-ға дейін;

- Ақтөбе облысы: «Ақбұлақ» АҚ-ы 20,00%-ға дейін;

- Алматы облысы: «Жетісу су құбыры» МКК-ы 7,99%-ға дейін;

- Атырау облысы: «Атырау Облысы Су Арнасы» МКК-ы 10,0%-ға;

- Шығыс Қазақстан облысы: Семей қ. – «Семей Водоканал» МКК-ы 13,4%-ға дейін (1 мамырдан бастап), Өскемен қ. – «Жаңа Согра» ШЖҚ МКК 10,0%-ға дейін; Риддер қ. – «Водоканал» ШЖҚ МКК-ы 3,0%-ға дейін; Алтай қ. – «Жылу-су орталығы» МКК-ы 2,0%-ға дейін;

- Жамбыл облысы: 4,86%-ға дейін («Жанатас-Су-Жылу» МКК-ы 5,00%-ға дейін, Тараз қ. – ТОО «Темиржолсу-Шу» 4,76%-ға дейін, Шу қ. – ТОО «Темиржолсу-Шу» 4,78%-ға дейін);

- Батыс Қазақстан облысы: «Ақсайжылуқуат» МКК-ы 6,98%-ға дейін;

- Қарағанды облысы: «Қарағанды Су» ЖШС-ы 4,70%-ға дейн;

- Қостанай облысы: «Қостанай Су» МКК-ы 10,0%-ға дейін;

- Қызылорда облысы: «Қызылорда су жүйесі» МКК-ы 11,93%-ға дейін;

- Маңғыстау облысы: «Каспий жылу,су арнасы» МКК-ы 10,01%-ға дейін;

- Павлодар облысы: «Ақсу су Арнасы» МКК-ы 7,37%-ға дейін;

- Солтүстік Қазақстан облысы: «Қызылжар су» ЖШС-ы 10,0%-ға дейін;

- Алматы қ.: «Алматы Су» МКК-ы 10,00%-ға дейін;

- Шымкент қ.: «Су ресрустары Маркетинг» ЖШС-ы 5,00%-ға дейін.

Жылумен жабдықтау

- Ақмола облысы: «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ы 10,00%-ға дейін;

- Ақтөбе облысы: «Трансэнерго» АҚ-ы 20,00%-ға дейін;

- Алматы облысы: «Талдықорғанжылусервис» МКК-ы 10,00%-ға дейін;

- Атырау облысы: «Атырау ЖЭО» АҚ-ы 8,00%-ға дейін;

- Шығыс Қазақстан облысы: КГП «Тепловодоцентраль» до 0,8%;

- Батыс Қазақстан облысы: «Жайықжылуқуат» АҚ-ы 5,00%-ға дейін;

- Қарағанды облысы: «КарагандыЖылуСбыт» ЖШС-ы до 5,0%;

- Қостанай облысы: «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ы 2,04%-ға дейін;

- Қызылорда облысы: «Қызылордаэлектроорталығы» МКК-ы 10,0%-ға дейін;

- Маңғыстау облысы: «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ы 6,28%-ға дейін.

Электрмен жабдықтау

- Ақмола облысы: «Көкшетау Энерго Орталығы» ЖШС-ы 10,00%-ға дейін;

- Ақтөбе облысы: «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-ы 9,14%-ға дейін;

- Алматы облысы: «ЖетысуЭнерготрейд» ЖШС-ы 3,00%-ға дейін;

- Атырау облысы: «Атырау Энергосату» ЖШС-ы 2,0%-ға дейін;

- Шығыс Қазақстан облысы: «ШЭТ» ЖШС-ы 2,00%-ға дейін;

- Батыс Қазақстан облысы: «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ы 3,0%-ға дейін;

- Қарағанды облысы: «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС-ы 5,09%-ға дейін;

- Қызылорда облысы: «Энергосервис» ЖШС-ы 9,08%-ға дейін;

- Павлодар облысы: «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы 4,97%-ға дейін;

- Солтүстік Қазақстан облысы: «Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС-ы 10,00%-ға дейін;

- Түркістан облысы және Шымкент қ.: «Энергопоток» ЖШС-ы 3,03%-ға дейін.

Бұл ретте, бірқатар өңірлерде тарифтерді төмендету бойынша субъектілермен жұмыс әлі де жалғасуда, бұл бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша хабарланатын болады.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде уәкілетті орган қызмет көрсетушілердің алдында қарыз болған жағдайда, тұтынушыларды коммуналдық қызмет көрсетуден ажыратуға жол бермеу бойынша шаралар қолданғанын атап өткіміз келеді.