
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қарағанды облысының Қарағанды және Саран қалаларының тұрғындарынан электр энергиясы үшін төлемнің көтерілгені туралы ақпарат жарияланды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тұтынушылардың департаментке тікелей хабарласу қажеттілігін хабарлады, өйткені әрбір жағдай жеке қарауды қажет етеді.
Келіп түскен өтініштерді қарау асяында тексеріс барысында, ТМРКД облыстың монополист-субъектілерімен және өтінішпен жүгінген тұтынушылармен кездесулер өткізді, онда есеп-хабарламалар, сондай-ақ электр энергиясын тұтыну көлемі зерделенді.
Өтініштерді талдау нәтижесінде, желтоқсан-қаңтар айларында электр энергиясының тәуліктік шығыны аталған кезеңде күрт суықтағанына, демалыс және мереке күндерінің көп болуына байланысты пайда болғаны анықталды. Бұл ретте, монополист тарапынан тарифтерді асыра көрсету жағдайлары анықталған жоқ.
Сонымен қатар, тұтынушылардың назары есептеу кезеңіне, есептегіш құралдарының көрсеткіштері алынған күндерге аударылды.
Өтініштерді қарау нәтижелері әрбір жеке жағдай бойынша тұтынушыларға егжей-тегжейлі түсіндірілді.