
Бәріне мәлім, ел бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап, коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Мемлекет басшысы да осы күні қазақстандықтарға үндеу жолдады, өз үндеуінде жаппай іс-шараларды өткізуден бас тартуды сұраған.
Қоғамдық денсаулықты қорғауды қамтамасыз етуіне жәрдемдесу мақсатында, Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті елдің барлық аумақтарында азаматтар үшін қоғамдық қабылдаулар мен жария тыңдаулар секілді іс-шаралардың жүргізілуін тоқтатады.