«ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау басқа күнге ауысады

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау басқа күнге ауысады

Ағымдағы жылдың 17 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өтуі керек еді.

Өтінім - Н. Н. Шманов атындағы МАС-ке мұнайды «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне оңайлатылған тәртіппен тарифті бекіту бойынша.  

Алайда, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап коронавирусқа байланысты елімізде төтенше жағдайдың жариялануына орай, жария тыңдау белгісіз күнге ауысады.

Жария тыңдаудың күні мен уақыты туралы Комитет қосымша хабарлайтын болады.