Коммуналдық қызметтерінің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өтті

Коммуналдық қызметтерінің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өтті

Биылғы жылда соңғы, сонымен бірге кезекті қоғамдық қабылдау бүгін, 2022 жылғы 6 желтоқсанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің Facebook-тегі ресми парақшаларында онлайн режимінде өтті.

Қабылдау барысында ТМРК мамандары электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау тарифтерімен жағдай бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті.

Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасына қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен жеке жылу есептеу құралдарына, электр энергиясы дифтарифтеріне қатысты және басқа сұрақтар келіп түсті.

Келіп түскен барлық сұрақтарға ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев пен ведомствоның салалық басқармаларының басшылары жауап беруге тырысты.