Комитеттің ерлері әйелдер ұжымын әйелдер күнімен құттықтады

Комитеттің ерлері әйелдер ұжымын әйелдер күнімен құттықтады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев әйелдер ұжымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«...Бұл мереке әйелдің қоғам өміріндегі маңызды рөліне арналған . 8 наурыз – барлық әйелдердің мерекесі, сіздердің әрқайсыныздың өміріндегі кәсіби және жеке баға жетпес үлесі»,- деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ,  әйелдердің қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, оларға жоғары әл-ауқат, отбасыларына амандық, денсаулық, күш-қуат, шыдамдылық, қамқорлық пен махаббат тіледі.