
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының құрамына Комитет қызметкерлерінен басқа салалық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, кәсіби тәуелсіз сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кірді.
Жұмыс тобы табиғи монополиялар туралы жаңа заңнама нормаларына сәйкес құрылған, оның негізгі міндеті баға белгілеудің ынталандырушы әдісі үшін салалық Х-факторды әзірлеу болып табылады.
Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі үшін салалық Х-фактор табиғи монополия саласындағы субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті есептеу формуласында есепке алу мақсатында экономиканың факторлық өнімділігіне қатысты саланың факторлық өнімділігі өсімінің қарқынын сипаттайтын сала тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Осы жұмыс тобы жұмысының нәтижесі кейіннен жеке Х-факторларды есептеу үшін құрылымдық параметрлер тізбесінің жобасын қалыптастыру болуы тиіс.