
Ағымдағы жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің төрағалығымен табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің II отырысы өтті.
Ұлттық экономика министрлігінде өткен отырыста Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары, орталық мемлекеттік органдары өкілдері, облыс, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері орынбасарлары, Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшылығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Екінші отырыстың талқылау мәселелері келесі болды: 2020 жылдың басында ТКШ-ның реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтердің жоспарлы өсуін тежеу бойынша қабылданған шаралар, 2020 жылдың инфляциясына тарифтердің әсер етуі, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын пайдалануға беруді ескере отырып, газға баға белгілеу, коммуналдық салада бюджет қаражаты есебінен салынған иесіз желілер мен объектілерді беру бойынша Жол картасын іске асыруды және тариф белгілеудің ынталандырушы әдісін енгізу, сондай-ақ 2021-2025 жылдарға тарифтердің жаңа шекті деңгейін бекіту.
Экономикалық ведомство басшысы кездесудің қатысушыларын қарсы ала отырып, Мемлекет басшысы мен Үкімет тариф белгілеу процесінің айқындығы мен ашықтығына, сондай-ақ тұтынушылар қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға аса назар аударуда екендігінде аса көңіл бөлді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев отырыс қатысушыларын 2020 жылдың соңына дейін ТКШ реттеліп көрсетілетін қызметтер шеңберінде тарифтердің инфляцияға күтілетін әсерімен қысқаша таныстырды.
Одан басқа, ТКШ табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеу мәселелері жөніндегі 17 өңірлік комиссияның ережелері мен құрамын бекіту мәселесіне жеке көңіл бөлінді.
Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларына және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес Кеңес табиғи монополиялар салаларында тариф құрудың проблемалық мәселелері жөнінде комиссия құруға құқылы екенін атап өту қажет.
Өңірлік комиссиялардың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, аумақтық органның және өзге де мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғам өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және табиғи монополиялар субъектілері кіретін болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңест мүшелерінің ескертулерін ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерін реттеуді, тариф белгілеуді және инвестициялық міндеттемелерді мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болады.