
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 4 наурызда тұтынушылар үшін қоғамдық қаыблдау өткізді.
Қабылдау барысында газ, электр энергия және жалпы тұрғын үй мұқтаждықтары бойынша сұрақтар қойылды.
Сұрақтарға бөлім мамандары толық жауап берді, сондай-ақ тұрғындардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік мекемеге тұрғындармен өзара іс-қимыл үшін қолжетімді болуға, қоғаммен және әлеуметтік әріптестермен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға барлығы 7 адам қатысып, оның ішінде 2 тұрғынға кеңес берілді.