ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Петропавлда «Қызылжар су» ЖШС-і, Петропавл жылу желілері, Ресей темір жолы және «Севказэнерго» АҚ филиалының өкілдері  тұрғын үй-коммуналдық саласының проблемалық мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

Мұндай қабылдау жыл басынан осымен 4-ші рет өткізілуде. Бұған дейін 1-і ауданда, 2-і қалада болған. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі жылу, сумен қамту, электрэнергиясына қатысты. Биыл қыс айтарлықтай жылы болды. Осыған орай қызылжарлықтар жылу бойынша коммуналдық ақы қайта есептеле ме деген сұрақтарын қойды. Мамандардың сөзінше маусым аяқталысымен бұл жұмыс қолға алынып, түбіртектерге тиісті есептеулер енгізілмек.

АБАЙ БАЛАБЕКОВ, СҚО ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жылу бойынша қайта есептеу міндетті түрде орындалады. Оның үстіне мұндай есептеулер жыл сайын іске асырылып отырады. Яғни тұрғындар төлеген артық қаржы өздеріне қайтарылады.  Сонымен қатар, тұрғындарды ескерткім келеді. Енді мұндай кездесулерді біз әр айдың басында өткіземіз. Аудандарды да ұмытпаймыз. Толық ақпаратты біздің сайтқа кіріп білуге болады.

Дереккөз: http://petropavltv.kz/kz/news/society/kogamdyk-kabyldau-437