
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2020 жылғы 26 ақпанда «КазТрансГаз Аймак» акционерлік қоғамының «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсыну жөніндегі, тұтынушылардың өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде енгізілген Департаменттің 2 нұсқамасының (12.11.2019ж №48, 28.11.2019ж №57) күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне қойылған талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотпен талапкер - «КазТрансГаз Аймак» акционерлік қоғамының талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.