«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметке байланысты қызметтерге қатысы жоқ қосымша ақы талап еткені үшін Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 164-бабы 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, тұтынушылардан негізсіз алынған ақыны қайтару бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын тез арада жою туралы нұсқама берілді.