
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 2 наурызда «Жамбыл су» КМК-ның сарқынды суларды бұру қызметі тарифінің шекті деңгейін және тарифтік сметасын бекіту туралы өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «NurOtan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері және тұтынушылар қатысты.