Алматыда тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Алматыда тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы 3 наурызда азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді талқылау бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қоғамдық қабылдауда 4 тұтынушы қатысты: Кулекеева Г.Е., Худенко А.Н., Байбулатов А.С., Аргимбаев А.И.

Сонымен қатар, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС, «Алматы Су» ШЖҚ МКК, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізу барысында, қала тұрғындарын толғандырған сұрақтарына Департамент толық түсінік берді.