Ақтөбе қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Ақтөбе қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Уәкілетті органның тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 3 наурызда табиғи монополия субъектілерінің,БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұтынушыларды қоғамдық қабылдау өткізді.

         Қабылдау барысында 3 тұтынушының Ақбұлақ» АҚ, «ҚазТрансГазаймақ» АҚ АӨФ, «Энергосистема» ЖШС, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, «Трансэнерго» АҚ қызметтеріне қатысты мәселелері қарастырылды. Тұтынушылардың негізгі сұрақтары коммуналдық қызметтер тарифтеріне, тұрғын үйлерді газдандыруға, реттелетін қызметке қосылуға қатысты болды.

         Табиғи монополия субъектілері өкілдерімен қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.