Петропавл қаласында "Қазсушар" ШЖҚ РМК СҚФ-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Петропавл қаласында "Қазсушар" ШЖҚ РМК СҚФ-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" ШЖҚ РМК СҚФ Сергеев, Петропавл және Шарық гидротораптарының тірек гидротехникалық құрылыстарының көмегімен Есіл өзенінің жер үсті ағындарын реттеу бойынша қызметтерге 2020 жылдың 01 шілдесінен
2025 жылдың 30 маусымына дейін ұзақ мерзімді кезеңге тариф пен тарифтік сметаның жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар 2020 жылғы 9 сәуірде 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда өтеді: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Парковая көшесі, 57 "В", 1-ші қабат, конференц зал.

Тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Департаменттің байланыс телефоны: 8 (7152) 53 37 35.

"Қазсушар" РМК СҚФ байланыс телефоны 8 (7152) 46 33 94.