Комитет төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

Комитет төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

Бүгін, 4 наурызда, азаматтарды қабылдау кестесі бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев азаматтардың кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Бұл жолы ведомство басшысына қала тұрғыдары мен жақын маңдағы орналасқан Ильинка мен Талапкер кенттердің тұрғындары өтініш білдірді.

Ильинка кентінің тұрғыныны А. В. Лунегов бақылаушы келіп, оған есепке алу құралын өз есебінен тексеруге міндеттейтін ұйғарым жазып, арызданған.

«Есептеу құралын кім алып алып тастау және тексеруді кім төлеуі тиіс?»,- деп сұрады Лунегов А. В.

Комитет төрағасы жауап ретінде, егер есепке алу құралы тұтынушының балансында болған жағдайда, барлық іс-әрекеттер тұтынушының есебінен жүргізілетінін хабарлады.

Сондай-ақ, Комитет төрағасының қабылдауына елордадан алыс емес Талапкер ауылдық округінде орналасқан «Нұрлы» Тұтыну кооперативінің басқарма төрағасы Қ. Ж. Кәріпова жүгінді.

Қ. Ж. Кәріпова «Нұрлы» ТК мүшелері мен тұрғындарының атынан жүгініп, сонымен қатар электр желісіне қосылу үшін құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне қатысты сұрақ қойды.

«Мәселе біздің желілер ресми түрде тіркелмегенде жатыр. Электр желілерін салғаннан кейін, электр желілерінің бір бөлігі жеке аумақтар арқылы өтетіні анықталды, бұл туралы бізге бұрын ескертілмеген болатын. Қазіргі уақытта, біз КТП-ға құжаттар рәсімдедік, бұлар үшін жерді бізге Целиноград ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге жалға берген. Біздің электр желілеріміз Жібек-Жолы кенті арқылы өтеді, бұл Аршалы ауданы, сондықтан біздің электр желіміз өтетін жер учаскелерінің меншік иелерін табу мүмкін емес», - деді «Нұрлы» тұтынушылар кооперативінің басқарма төрағасы.

Осы мәселе бойынша Асан Дарбаев Комитетке осы мәселені шешуге жәрдемдесу үшін толық ақпарат беруді сұрады.

Сонымен қатар, ол кооперативтің газ құбырына қосылуына, сондай-ақ көшуді массивке жақын жерге көшіру мәселесін шешуге қатысты басқа да мәселелерді хабарлады.

Комитет өкілдері аталған мәселелерді тиісті құзыретті органдар, атап айтқанда жергілікті атқарушы органдар шешеді және тиісті өтінімдер беру үшін ауылдық округ әкімдігіне немесе Ақмола облысының әкімдігіне жүгінуге кеңес берді, бұл аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, Комитет Төрағасы Комитеттің салалық басқармаларына салалық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізіп, «Нұрлы» ТК тұрғындарын газдандыру және көшуді массивке жақын жерге көшіру мәселелерін ерекше бақылауға алуды және оларды жақын арада шешуге көмек көрсетуді тапсырды.