
2020 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Nur-Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында коммуналдық қызмет тұтынушылары электр энергиясының бағасына және тауарлы газдың соңғы тұтынушылар үшін бағасына, суға есептеу құралдарының тексеріс уақытында жүргізілетін төлем мөлшеріне қатысты сұрақтар қойды.
Қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына Департамент басшылығымен және табиғи монополиялар субъектілерінің мамандарымен нақты түсіндірмелер берілді.