
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 5 наурызда «Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС-ның оңайлатылған тәртіппен суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне арналған тариф жобасын және тарифтік сметаны қарау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Жария тыңдаулар:
Жетекші ауылы, М. Әуезов көшесі, 15 (мәжіліс залы) мекенжайында сағат 1000-де;
Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5 (мәжіліс залы) мекенжайында сағат 1200-де;
Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3а (мәжіліс залы) мекенжайында сағат 1500-де өтетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 325585;
«Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС - 8 (7182) 527711.