
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Электржабдықтау» ЖШС-ның Шет ауданы, Акшатау, Жарылғап батыр, Акжартас ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметалардың жобаларын бекітуге ұсынған өтінімін қарау бойынша жария тыңдау 2020 жылғы 2 наурызда өткізді.
Жария тыңдауға мемлекеттік органдардың өкілдері және қызмет тұтынушылары қатысты.
«Электржабдықтау» ЖШС-нің басшысы тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.
Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.