
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ уәкілетті органның ТКШ қызметі саласындағы тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 3 наурызда табиғи монополиялар субъектілері, "Атамекен" ӨКП-ның өкілдерінің қатысуымен коммуналдық саланың мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдау өткізу барысында 2 тұтынушы жүгінді.
Тұтынушылардың негізгі мәселелері жылу ақысын есептеу, электр-энергиясымен жабдықтау үшін төлемді есептеу құралдары болмаған кезде тұтыну нормалары бойынша есептеу қатысты болды.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша тұтынушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.