Бүгін, 3 наурызда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппаратында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерінің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдау Комитет басшысы Асан Дарбаевтың төрағалығымен өтті.
Азаматтардың сұрақтарына Комитеттің және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай мен газды тасымалдау, сондай-ақ темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің мамандары жауап беруге дайын болды.
Қабылдау барысында Комитет төрағасы табиғи монополиялар субъектілеріне жүйелі негізде тұтынушылармен тікелей кездесулерді өткізу, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер бойынша проблемалық мәселелерді шешу бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне назар аударды.
«Бұл шаралар ведомство атына көп мөлшерде келіп түсетін өтініштер ағынын қысқартуға мүмкіндік береді», - деп сендірді Асан Дарбаев.
Табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері өз кезегінде аталған шараларды орындау үшін өз мүмкіндіктерін қарастыруға ниет білдірді.
Комитеттің 2020 жылға арналған тұтынушыларды қабылдау кестесі бекітілгенін еске салу қажет, оған сәйкес уәкілетті орган мен табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері ай сайын әр айдың бірінші сейсенбісінде сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.