
Уәкілетті органның тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 3 наурызда табиғи монополия субъектілерінің, «Nur-Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының, «Атамекен» ҚР ҰКП Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен тұтынушыларды қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 5 тұтынушының «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «Энергопоток» ЖШС қызметтеріне қатысты және есептеу құралдарының нақты пайдаланылған газ көрсеткішінен асыра көрсеткіштер жаза отырып, артық төлемдер талап ету мәселелері қарастырылды.
Табиғи монополия субъектілері өкілдерімен аталған мәселелер тез арада шешуге бақылауға алынды, қалған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.