Петропавл қаласында қоғамдық қабылдау өтті

Петропавл қаласында қоғамдық қабылдау өтті

2020 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС,  «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СҚ ЭЖК» АҚ, «Севказэнергосбыт»ЖШС, ООТЖ «Петропавл бөлімі» табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, коммуналдық саланың мәселері бойынша қоғамдық қабылдау  жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға қалалық, облыстық әкімдіктің және аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

         Қоғамдық қабылдау барысында коммуналдық қызмет тұтынушылары осы жылғы қыс жылы болғандықтан  жылуға қайта есептеулер жүргізіле ме, есептеу құралдарының тексерісте болу уақытына, орнына басқа есептеу құралын қоюға қатысты сұрақтар қойды. Бір кәсіпкер энергетиктердің  берген нұсқамасына байланысты жүгінді.

         Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығымен нақты түсіндірмелер берілді.

         Петропавл қаласында келесі қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 7 сәуірде Парковая көшесі 57В мекенжайында өтеді.

Осыған орай, ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларын қабылдауға шақырамыз.