Алматы облысының Департаменті Көксу ауданының Балпық би ауылында тұтынушыларға қоғамдық қабылдаулар өткізді

Алматы облысының Департаменті Көксу ауданының Балпық би ауылында тұтынушыларға қоғамдық қабылдаулар өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша Балпық би ауылында тұтынушыларға қоғамдық қабылдауды өткізді.

Тұтынушылардың қабылдауы 2020 жылғы 3 наурызында Көксу ауданының Балпық би ауылында өтті.

         Қоғамдық қабылдауда Департамент бысшысы Арман Сағымбеков, Көксу ауданы әкімінің орынбасары У. Досымбеков, «Nur Otan» партиясының, тұрғындар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

         Ортылықтандырылған газға қосылу бойынша проблемалық мәселелер, сұрақтар көтерілді. Көтерілген сұрақтар бойынша Департамент қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс тобын құрып, айтылған мән-жайлар сұрақтар бойынша шешімін қабылдауы шешілді.