«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының және 26-бабының 2-тармағының 18) тармақшасының талаптарын сақтау бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.   

Тексеру нәтижелері бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды.