
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «КҮН-ЭЛЕКТРОСЕТЬ» ЖШС-ның электр энергиясын беру бойынша қызметтеріне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы келіп түскен өтінім бойынша жария тыңдау өткізді.
Алдағы жария тыңдау туралы ақпарат "Костанайские новости" газетінде 2020 жылдың 22 ақпанында жарияланды.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын жария тыңдауға қатысуға шақырады.
«КҮН-ЭЛЕКТРОСЕТЬ» ЖШС экономистi О.В. Филипова тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.
«КҮН-ЭЛЕКТРОСЕТЬ» ЖШС электр энергиясын беру бойынша қызметтеріне тарифтің жобасы ҚҚС-сыз 12,21 теңге/кВт.сағ құрайды.
Жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер, өтінімді қарастыру кезінде ескеріледі.