
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Тау су кызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суды арналар арқылы беру қызметіне шығындық әдісін қолданумен тариф деңгейін және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.
2020 жылдың 18 наурызында сағат 14:00-де Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұр-Алатау шағын ауданы, Темірбек Кожакеев көшесі, 8 үй мекенжайында өтеді.
Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 24 63 39.